Fake News

Фейк: «Африкада шешекке қарсы вакцинация СПИД пандемиясын тудырды»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның пайда болуы туралы теориямен бөлісуде. Олардың кейбіреулерінің пайымдауынша, аурудың әлемде таралуына Африкадағы табиғи шешекке қарсы жаппай егу науқаны себеп болған. Бұл жалған.


Бұл теорияны «растау» үшін вакцинацияға қарсы адамдар The Times газетінің 1987 жылғы 11 мамырдағы үзіндісінен алынған суретті келтіреді. Фотосуреттегі мақаланың тақырыбы мынадай: «Шешекке қарсы вакциналар СПИД-ті қоздырды».
АҚТҚ және ЖҚТБ пандемиясының даму тарихы жазылған осы және басқа да газет қиындыларын «ЖҚТБ-ға қарсы Дублин альянсы» деген атаумен белгілі «ВИЧ Ирландия» қайырымдылық ұйымының сайтынан табуға болады.
Қазнетте фотосуреттері тараған олардың мақалаларында, 1987 жылы ғалымдар шешекке қарсы вакциналар адамның иммун тапшылығы вирусын «қоздыруы» мүмкін деген нұсқаны тексергені жазылған. Алайда, материалда бұл тексеріп, дәлелдеуді қажет ететін болжамдардың бірі деп айтылған.
Алайда, келесі күні, 1987 жылы 12 мамырда Irish Independent басылымы «Ғалымдар СПИД-ті шешекпен байланыстыратын теорияны жоққа шығарды» деген мақаланы жариялады. Оның толық мәтінін «ВИЧ Ирландия» ұйымының сайтынан да оқуға болады. Онда ғалымдар бұл нұсқаның АҚТҚ-ның Жерге ашық ғарыштан «ұшып келді» деген болжамнан артық негізі жоқ деп мәлімделді.
Бүгінгі күні табиғи шешекке қарсы вакциналар АҚТҚ-ның дамуына әсер етпейді де, тіпті белгілі бір дәрежеде оны жұқтырудың алдын алатынын дәлелдейтін зерттеулер бар. Мысалы, In vitro жүргізілген тәжірибелер табиғи шешекке қарсы алынған екпе АҚТҚ жұқтырудың немесе ЖҚТБ-ның дамуының алдын алатындығын растайды. 

Осыған байланысты, кейбір сарапшылардың пікірінше, 80-ші жылдардың басында тараған шешекке қарсы жаппай вакцинацияны тоқтату белгілі бір дәрежеде АҚТҚ-ның әлемде тез таралуына әсер етуі ықтимал. 

Жалпы, бүгінгі күні шешекке қарсы вакциналар қандай да бір жолмен СПИД пандемиясын тудыруы мүмкін екендігіне нақты дәлелдер жоқ. Бұл ауруды және оның таралу тарихын зерттейтін ғалымдар дерттің вакциналар мен дәрі-дәрмек арқылы емес, табиғи түрде пайда болып, таралды деп санайды. 

Демек, Қазнетте тараған ЖҚТБ-ның жұқтыудың себебі – шешекке қарсы вакцинация деген теория – фейк. Ескі газет мақаласындағы сурет маңызды емес және жарияланымда ұсынылған ақпарат ғылыми зерттеулермен жоққа шығарылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button