Фейк: «Хагги-Вагги шайтанды бейнелейтін кейіпкер»
Кейбір ата-аналар қазіргі кезде танымал болған жұмсақ Хагги-Вагги ойыншығына қатысты алаңдаушылық білдіруде. Бұл кейіпкердің қорқынышты түрі мен YouTube-тегі видеода айтқан «әнінен» кейін пайдаланушылар ойыншық шайтанның бейнесі деп ойлайды. Бұл кейіпкердің қайдан шықты және оның қараңғы күштерге табынумен байланысы бар ма, түсіндіріп өтейік.
Хагги-Вагги – танымал Poppy Playtime хоррор-ойынының кейіпкері. Сюжетке сәйкес, ойыншы қаңырап бос қалған бұрынғы әйгілі ойыншықтар фабрикасына түседі. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері 10 жыл бұрын жұмбақ түрде жоғалып кеткен, ал ойыншының міндеті – қабырғалардағы және басқа заттардың беттеріндегі көкнәр суреттеріне қарап, оларды табу. Фабрикада жүрген ойыншы Хагги-Ваггиді кездестіреді –бұл ашық көк түсті бойы ұзын, бірнеше қатар өткір тісі бар жұмсақ ойыншық. Ойынның өзінде оның бір кездері жұмсақ ойыншық болғанын, бірақ бақылаудан шыққан аса құпия тәжірибелердің нәтижесінде тіріліп, ашуланғаны айтылатын сөз бар.
Айта кетейік, AppStore және Google Play сияқты платформаларда ойында 12+ жас шегі белгіленген.
Ойынның өзінде Хагги-Вагги кейіпкері ешқандай ән айтпайды, сөйлемейді. Кейіпкер «орындаған», ағылшын тіліндегі танымал әннің ойынды жасаушыларға қатысы жоқ, оны фанаттар шығарған. Алайда, оның мәтінінде кісі өлтіру туралы сөздер бар.
Бұл әннің орыс тіліндегі нұсқасы жоқ. YouTube-те орыс тілінде «Хагги-Вагги әні» деп іздегенде пайдаланушыларға мәтінінде қантөгіс, кісі өлтіру немесе осы сияқты сөздер жоқ мүлдем басқа композиция ұсынылады.
Ал жұмсақ ойыншыққа келетін болсақ, психологтар түрі қорқынышты болғанына қарамастан, оны қауіпті деп санамайды.
Психолог Инна Драчева ТВК телеарнасының тілшілеріне хабарлағандай, бұл ғана емес, кез келген басқа ойыншықтың қауіптілігі баланың оған патологиялық байланысы болуы мүмкін.
– Қауіп – «шамадан тыс пайдалану». Бала патологиялық тұрғыдан тек осы ойыншықтарға ғана қызығушылық танытқан кезде, олармен ойнағысы келгенде, ол өздігінен өзгерген кезде, оның эмоционалды әлемі өзгереді және біз бір уақытта алаңдатарлық жайттарды байқаймыз. Егер бала жай ғана «Анашым, маған мына ойыншықты алып берші» десе, ол оны сатып алып, бала онымен ойнамаса, бар ма ойыншық, бар, онда бұл психотравматикалық жағдай болмайды. Бұл жай уақыт ағымы, сән ғана», – деп түсіндірді маман.
Ойында да, оның негізінде жасалған жұмсақ ойыншықта да сатанизмнің, шайтанның немесе оккультизмнің еш белгілері жоқ. Демек, Хагги-Вагги шайтанның бейнесі және сол арқылы баланың жеке басына және құндылықтарының қалыптасуына әсер етеді деп айтуға негіз жоқ.