Фейк: «FDA Pfizer вакциналары адамдарды өлтіретінін мойындады»
Қазақстандықтар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы (FDA) Pfizer компаниясы оларды COVID-19 қарсы вакцинаның қауіпсіздігі туралы жаңылыстырғанын ресми түрде мәлімдеді. Препараттан әр құтқарылған адамға шаққанда екеуі қайтыс болады екен. Мұның барлығы фейк.
Таралған хабарламада FDA мамандары «кеше» виртуалды отырыс барысында осындай мәлімдеме жасады деп айтылған. Айта кетейік, бұл ақпарат қазақстандық Telegram арналарда 9 ақпанда тарады, демек, FDA отырысы 8 ақпанда өтуі керек еді.
Алайда, 8 ақпанда ведомство мұндай шаралар өткізген жоқ.
Айтылып отырған онлайн-жиналыс өткен жылдың 17 қыркүйегінде өткен. Ол 8 сағатқа созылды. Іс-шараның толық жазбасы YouTube-те бар.
Онда вакциналардан бір құтқарылған адамға шаққанда екі адам қайтыс болады деген сөзді FDA мамандары мен Басқарма кеңесшілері емес, тәуелсіз спикер Стив Кирштің айтқанын көруге болады.
FDA өкілі Эбби Капобянко Associated Press-ке хабарлағандай, «Ашық қоғамдық тыңдаулар қызығушылық танытқан және жиналыс туралы хабарландыруға сәйкес тіркелген барлық адамдар үшін ашық. FDA ашық тыңдау кезінде сөйлеушілердің пікірлерін алдын ала тексермейді». Сонымен қатар, ол Стив Кирштің FDA-ге ешқандай қатысы жоқ екенін және оның мәлімдемесі ведомствоның ұстанымын жеткізбейтінін, сондай-ақ ғылыми дәлелденген факт болып табылмайтынын атап өтті.
Стив Кирш адамдарды вакциналардан өлетінін айта отырып, дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі немесе тиімділігі бойынша сенімді ақпарат көзі бола алмайтын VAERS жүйесіндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұған дейін біз VAERS жүйесі ашық өтініштер қағидаты бойынша жұмыс істейтіндігі, яғни кез келген адам осы немесе басқа препараттың жанама әсерлері туралы өз пікірін қалдыра алатыны туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.
Фейк: «КВИ қарсы вакциналардың салдарынан 150 000-нан астам адам, оның ішінде 600 бала қайтыс болды»
VAERS порталында «Есептер толық емес, нақты емес, кездейсоқ немесе тексерілмейтін ақпаратты қамтуы мүмкін. VAERS-тегі есептердің көбі ерікті болып табылады, яғни олар ағат пікір болуы мүмкін» екендігі жазылған. Сондай-ақ, «Вакцинаның жанама әсерлері туралы есеп беру жүйесінің (VAERS) мәліметтер базасында АҚШ-та лицензияланған вакциналармен иммундаудан кейінгі жанама әсерлер (аурулар, денсаулыққа қатысты мәселелер және/немесе белгілер) туралы тексерілмеген есептер бар. Есептер кез келген адамнан қабылданады және сайтқа электронды түрде жіберіледі» делінген.
Жүргізілген ғылыми зерттеулер COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіз және тиімді екенін дәлелдейді. Олар өлімге әкелмейді және құтқарылғаннан артық адамды өлтірмейді.
Демек, FDA Pfizer-ді жалған ақпарат бергені үшін айыптады және олардың вакциналары адамдарды өлтіреді деген ақпарат фейк.