Fake News

Фейк: «Омикрон нұсқасының таралуына байланысты қазақстандық ауруханалар балаларға арналған 3500 кереует сатып алуда»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде еліміздегі ауруханалар омикрон нұсқасын жұқтырған пациенттер үшін 3500 балалар кереуетін сатып алуда деп жазуда. Бұл өтірік.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырған балаларға арналған төсек-орынмен қамту 23%-ды құрайды, бұл ҚР бойынша орташа көрсеткіш, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, науқастанған балалар саны арту ықтималдығына байланысты ауруханаларда төсек-орын қоры 3500 бірлікке ұлғайтылады деген хабарламалар – фейк.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button