Дәлелсіз: «COVID-19 пандемиясы мәңгі болады»
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19 пандемиясы мәңгі болады және адамдар өмірінің соңына дейін карантиндік шектеулер мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қайта-қайта ревакцинацияланатыны туралы видео таратуда. Бұлай ойлауға еш негіз жоқ.
Тарихта пандемия мен ірі індеттер болған. Олардың ешқайсысы қысқа мерзімде өткен жоқ. Керісінше, олардың кейбірін жеңу үшін жылдар қажет болды. Мысалы, Еуропада 1346 жылдан 1353 жылға дейін Қара өлім індеті немесе туберкулез обасы өршіп, оған дейін ауру Орталық Азияда таралған. Ауру ошақтары 1772 жылға дейін әлемнің әртүрлі бөліктерінде тіркелді.
Испан тұмауының соңғы ірі пандемиясы екі жылға созылды – 1918 жылдан 1920 жылға дейін, әр түрлі есептеулер бойынша 500 миллион адам көз жұмды. Бұл ретте қалаларда карантиндік шектеулер енгізілді: адамдар бетперде тағып, мектептер жабылып, жаппай іс-шаралар тоқтатылды, ойын-сауық орындары жұмыс істеген жоқ.
Қазіргі COVID-19 пандемиясы 2020 жылғы 11 наурызда жарияланды. Ол бір жыл тоғыз ай бойы жалғасуда.
Демек, індет созылған уақыт рекордтық емес және оның мәңгі болатынына негіз бола алмайды.
Бірқатар сарапшылардың пікірінше, COVID-19 таралуы айтарлықтай төмендеп, індет емес, ауру түрінде сақталады.
Испан тұмауы пандемиясын тудырған H1N1 штаммы жағдайында да солай болды. Вирус жойылған жоқ, бірақ оның таралуы біршама төмендеді, сондықтан пандемия жойылды.
Бұған карантиндік шаралар да өз септігін тигізді. Қазіргі сарапшылар жағдайдың дамуын болжау және жойқын салдарды болдырмау үшін 1918-1920 жылдардағы пандемия кезіндегі оқиғалардың барысына көп көңіл бөледі.
Алайда, бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясының аяқталуын болжау мүмкін емес. Алайда, бұл мәңгілікке созылады деп айту дұрыс емес. Тарихта бірде-бір індет шексіз болған емес, СOVID-19 да солай.