Манипуляция: «Патшайым Елизавета маска тақпайды, демек COVID-19 қауіпті емес»
Әлеуметтік желілерде COVID-19 қауіпті емес, өйткені бұл қастандық деген ақпарат тағы да тарала бастады. Бұл патшайым Елизавета адамдармен маскасыз сөйлесіп тұрған қысқа видеомен расталады. Бұл қастандық теориясын дәлелдемейді және COVID-19 қауіптілігін жоққа шығармайды.
Пандемия кезінде Патшайым Елизавета II барлық қоғамдық шараларды барынша азайтты. Алайда, ол көпшілік алдына жеке шыққан жағдайда, Букингем сарайының өкілдері баспасөзге жеткізген қатаң хаттама сақталады. Олардың айтуынша, кездесуге қатысқан адамдардың барлығы COVID-19 ПТР-талдауларын алдын ала тапсырған және іс-шараға тек теріс нәтижесі бар адамдар ғана жіберілгенін түсіндірді.
COVID-19 – пандемиясы әлемдік қастандық деген теория конспирологиялық болып табылады. Бұл фактілерге қайшы келеді және бірнеше рет теріске шығарылды.
Қоғамдық орындарда бетперде тағудың тиімділігі дәлелденген. Мұны бүкіл әлемде жүргізілген әртүрлі ғылыми зерттеулер растайды. Биыл 18 қарашада COVID-19 таралуына жол бермеу үшін маска тағудың тиімділігі туралы дүниежүзілік зерттеу нәтижелері жарияланды. Зерттеу қорытындылары хирургиялық маскалар жұқтыру ықтималдығын 53% төмендететінін көрсетті.
Бұл қорытындылар нәтижелері осы жылдың қыркүйегінде жарияланған Бангладеште жүргізілген зерттеумен расталды.
Қорыта айтқанда, кездесуге қатысқандардың барлығы COVID-19 анықтау үшін алдын ала ПТР-тест тапсырып, олардың ауру жұқтырмағандығы белгілі болғандықтан патшайым Елизавета маска тақпаған. Бұл пандемия туралы қастандық теорияларын дәлелдемейді және аурудың қауіпті емес екенінің белгісі емес.