Fake News

Фейк: «Вакциналар жағдайлардың 7% зиян келтіреді»

Instagram әлеуметтік желісінде COVID-19 қарсы вакциналар 93% тиімді болса, 7% адам денсаулығына зиян тигізеді деген пікір айтылуда. Бұл жаңсақ пікір. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Бұл мәлімдеме вакциналардың тиімділігі мен оны бағалау әдістерін дұрыс түсінбеуден шыққан.

Желіде бұл деректерді беделді ғылыми журналдар дұрыс түсіндірген мақалалар көп.
Мысалы, ДДСҰ-ның ресми сайтында:
«Вакцинаның тиімділігі бақыланатын клиникалық зерттеулерде өлшенеді және ұқсас жағдай дамыған плацебо (жалған вакцина) алғандарға қарағанда, егілгендердің нешеуінде «қызығушылық танытарлық нәтиже» (әдетте ауру) болғанына негізделген.

Зерттеу аяқталғаннан кейін әр топтағы науқастар саны субъектілердің вакцина алғандығына байланысты аурудың салыстырмалы қаупін есептеу үшін салыстырылады. Сонда тиімділікке, қол жеткізіледі, яғни, вакцинаның ауыру қаупін қаншалықты төмендететіні анықталады.

Демек, егер вакцина 93% тиімділік көрсеткен болса, бұл клиникалық зерттеулер кезінде препаратпен егілген адамдар тобында тәжірибе аясында плацебо алғандарға қарағанда 93% – ға аз адам ауырды дегеннің белгісі.
The Lancet рецензияланған ғылыми басылымында мынадай мысал келтіріледі:
«Егер біз 100000 адамды вакцинациялап, олардың 95%-ын қорғасақ, 3 ай ішінде 5000 адам ауырып қалуы мүмкін, бұл Ұлыбританиядағы COVID-19 ауруының қазіргі таралу деңгейіне сәйкес келеді. Ал вакцинаның 95% тиімділігі COVID-19 жұқтырған 1000 адамға шаққанда вакцинасыз 100000 адамның (жоғарыда аталған сынақтардың плацебо тобынан шамамен 1% COVID-19 ауырады, ал 99% ауырмайды) ішінен 50-і ауырады (халықтың 99 · 95% – ы кем дегенде 3 ай ішінде ауырмайды) деп күтіледі.
Вакциналардың тиімділігін бағалаудың әртүрлі әдістері бар. Бұл туралы айтқан болатынбыз.

Манипуляция: «Спутник-V» вакцинасының тиімділігі небәрі 0,93%»

Олардың барлығы дәрі-дәрмектің белгілі бір аурудан қаншалықты жақсы қорғайтынын бағалауға бағытталған.
Вакциналардың қауіпсіздігі, өз кезегінде, клиникаға дейінгі сынақ кезеңінде, жануарлармен тәжірибе жасау кезінде тексеріледі.
Адамдарға клиникалық сынақтар жүргізу кезінде қауіпсіздік те мұқият тексеріледі, алайда ол тиімділік көрсеткіштерінде көрсетілмейді.
Демек, вакцинаның тиімділігі 93% тең болса, бұл жағдайлардың 7% зиян келтіреді дегеннің белгісі емес. Егер вакцина 93% тиімді болса, бұл оны алған барлық адамдардың шамамен 7% – ы ауырады дегенді білдіреді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button