Пікірлер

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ведомство басшысының Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі бар екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды

ТикТокта ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Біріккен Араб Әмірліктерінде жеке меншігі бар деген ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

«Денсаулық сақтау министрлігі осы ақпаратқа қатысты контенттің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Тексерілмеген және көрінеу жалған ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Хабарламада ұсынылған ғимараттың суреті – Jumeirah Dar Al Masyaf қонақ үйі ғимараттарының бірі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button