Fake News

Фейк: «Қазақстанда балаларды өлтіру стандартын енгізу жоспарланып отыр»

Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде елімізде «балаларды өлтірудің қандай да бір стандартын» енгізу жоспарланып отырғаны туралы ақпарат таратуда. Олардың айтуынша, егер жоба мақұлданса, онда кез келген ата-анадан баланы еш себепсіз заңды түрде тартып алып, оған медициналық тәжірибелер жүргізілуі мүмкін. Мұның барлығы жалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Белла Филимонова (@bellafilimonova_krg)

Бұл жерде «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және оған медициналық қызметкерлердің әрекет етуі бойынша операциялық процедураның стандарты» жайлы айтылып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оның медициналық тәжірибеге де, кісі өлтіруге де қатысы жоқ.

– Стандарт ұсынымдық сипатқа ие. Құжаттың негізгі қағидаты – баланы отбасында сақтау. Денсаулық сақтау туралы кодекске сәйкес баланы вакцинациялау тек ата – аналардың келісімімен ғана жүргізіледі, – деп хабарлады ведомстводан.

Құжаттың өзінде «медициналық тәжірибелер» деген сөздер жоқ. «Кісі өлтіру» сөзі үш рет қолданылған – физикалық зорлық-зомбылықтың белгілері туралы тарауда «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың ең ауыр түрі – жәбірленушіні өлтіру болып табылады» деген сөйлемде. Сондай-ақ, психологиялық зорлық-зомбылық әдістерінің сипаттамасында: «Адамды өзін-өзі өлтіруге немесе қорқыту арқылы өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және «Өлтіру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру қаупі» деген сөйлемдерде кездеседі. Бұл сипаттамалар құжатта медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды уақытында тануға және оларға қол ұшын созу үшін көмек ретінде берілген.

Сондай-ақ құжатта осындай балаларға көмек көрсету принциптері көрсетілген. Олардың қатарында еріктілік, заңдылық, отбасын қолдау және сақтау, құпиялылық және т.б. бар.
Яғни, құжатта баланы ата-анасынан себепсіз тартып алып, оған тәжірибе жүргізуге және одан оны өлтіруге болатын нормалар қарастырылмаған. Мұның бәрі ойдан шығарылған және манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button