Fake News

Жалған: «Қазақстандық оқушыларға антихрист туралы шығарма жазуды тапсырған»

Жетінші сынып оқушыларына берілген бақылау жұмысы әлеуметтік желі пайдаланушыларының наразылығын тудырды. Орыс тілінен ТЖБ аясында қазақстандық оқушыларға «Бүкіл әлемді басқара алатын адам қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?» деген тақырыпта шығарма жазу ұсынылған. Кейбіреулер бұл жерде антихрист туралы айтылып отыр және осылайша «балалар мемлекеттерсіз өмір сүруге дайындап жатыр» деп ойлап қалған. Бұл олай емес.


ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл болжамдарды жоққа шығарды.
«Бұл тақырып білім алушыда рухани құндылықтардың қалыптасу деңгейін, оның дүниетанымын анықтауға, мазмұны жағынан жасөспірімнің оң және теріс бағдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақырып дұрыс деп саналады. Балама тұжырым жасауға болады: «Қазіргі қоғам қандай билеушіні құрметтейді?», «Басшы идеалы: ол қандай?»,– делінген БҒМ жауабында.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл эссе оқушыны «Егер кез келген, тіпті ең жоғары деңгейде билікке ие болсаңыз, өзіңізді қалай ұстау керек және қандай құндылықтар маңызды», «Менде бұл құндылықтар бар ма, қаншама коммуникация, өзара әрекеттесу, билік деңгейінде әртүрлі пікірлер мен шешімдер болатын осы әлемде өз орнымды дұрыс таптым ба?» деген сұрақтарға жауап іздеуге итермелейді.
Сондай-ақ, министрлікте мұндай жұмыстар жасөспірімнің елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарасын білдіріп, өмірде болып жатқан оқиғаларға баға бере алатындығын түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Теріс ниетті жасөспірімдер орындалған тапсырмалар бойынша анықталады және олармен жұмыс жүргізу, сүйемелдеу, олардың проблемаларын түсіну және оларды шешуге көмектесу қажет болады. Құндылықтарды білу мен қалыптастыру осындай кездерде де маңызды», – деп есептейді ҚР БҒМ өкілдері.
Сонымен қатар, тапсырмада композицияның грамматикалық құрылымына да қойылатын талаптар бар.
ҚР БҒМ болашақта тапсырманың тұжырымдамасы өзгеруі мүмкін екенін жеткізді: «…Бірақ тұжырымдаманың мәні сақталуы керек, өйткені мектептің жоғары сынып оқушыларының бойындағы әділеттілік, гуманизм, жоғары адамгершілік, жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңыздылығын түсіну маңызды. Әдеби шығармаларды оқу кезінде студенттер бұл мәселені тұлғаның тарихтағы рөлі, жалпыадамзаттық құндылықтарды зерттеу тұрғысынан жиі талқылады».

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button