Fake News

«COVID-19 ауырлығы ішек бактерияларымен байланысты»: қосымша зерттеулер қажет

Telegram қолданушылары «COVID-19 ауырлығы ішек бактерияларымен байланысты» деген хабарлама таратуда. Жарияланым авторлары Гонконг ғалымдарының зерттеуіне сүйенеді. Көрсетілген ғылыми жұмыстың жүргізілгені рас. Алайда, ғалымдар ішек микробиотасының COVID-19 ағымымен ықтимал байланысы туралы ғана айтады. Әр түрлі елдердің сарапшылары мұны растау үшін қосымша зерттеулер қажет екендігіне сенімді.

Әлеуметтік желілердегі хабарламаларда айтылған зерттеу нәтижелері BMJ журналында жарияланған. Онда «ішек микробиомасы COVID-19 пациенттеріндегі аурудың ауырлығымен байланысты ма және микробиома құрамындағы бұзылулар қалпына келтірілгеннен кейін жойыла ма?» деген сұрақтарға жауап жазылған.
Ғалымдар зерттеу үшін талдауға қан, нәжіс алып, зертханалық расталған SARS-CoV-2 инфекциясы бар 100 пациенттің медициналық тарихын зерттеді. 2020 жылдың ақпан-мамыр айларында жүргізілген бақылаулардан кейін зерттеу авторлары «COVID-19 жұқтырмаған адамдармен салыстырғанда COVID-19 ауыратындарда ішек микробиомасының құрамы айтарлықтай өзгергенін» мәлімдеді. Содан кейін қорытынды шығарған. «COVID-19 ауыратын пациенттердегі ішек микробиотасының құрамы, цитокин деңгейі және қабыну белгілері арасындағы байланыс ішек микробиомасы COVID-19 ауырлығына әсер етеді деп ПАЙЫМДАУҒА БОЛАДЫ, бұл адамның иммундық жауаптарын модуляциялау арқылы болуы МҮМКІН», – делінген мақалада.

Бұл зерттеу туралы сарапшылар былай дейді:
Профессор Дэниел М. Дэвис, Манчестер университетінің иммунология профессоры:
«…COVID-19 ауырлығы адам микробиомасының құрамымен де байланысты екендігі таң қаларлық жайт емес. Бірақ бұл жерде нақтылау қажет. Вирус жойылғаннан кейін адамның ішек микробтарының әртүрлі сипаттамаларының сақталғаны ерекше таңқаларлық жаңалық болды. Бұл өзгерістер «ұзақ COVID» деп аталатын белгілердің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Қазіргі кезде бұл идея әлі де болса болжам болып қала береді, бірақ одан әрі зерттеу қажет. Жалпы, бұл жаңа зерттеу емдеу немесе терапия әдістері туралы қоғамдық денсаулық сақтау бойынша нақты ақпарат берген жоқ».

Доктор Кейтлин Уэйд, Бристоль университетінің эпидемиология пәнінің оқытушысы:
«Бұл қызықты жұмыс, бірақ COVID-19-дағы ішек микробиомасының себептік рөлі туралы сенімді қорытынды жасамас бұрын дәлелдемелердің сапасына тиісті зерттеу жүргізу қажет. Бұл бақылаушылық зерттеу екенін атап өткеніміз жөн, сондықтан ішек микробиомасындағы өзгерістер COVID-19 ауырлығын немесе вирустың өзі бұл өзгерісті тудырғанын анықтай алмайды. Сондықтан ішек микробиомасының өзгеруі COVID-19 инфекциясының болжамына мүлдем әсер етпеуі мүмкін. Үлгінің мөлшері де өте шектеулі және аурухана пациенттерін, оның ішінде жас аралығын таңдау кезінде біржақты мәселелер туындауы мүмкін».

Профессор Виллем ван Шайк, Бирмингем университетінің микробиология және инфекциялар институтының директоры:
«Мақала ауруханаға жатқызу мен антибиотиктер қолданудың микробиоманың құрамына әсері туралы ғылыми әдебиеттерге қосымша ретінде қызығушылық тудыруы мүмкін, бірақ баспасөз парағы өте проблемалы, өйткені ол микробиоманың құрамы мен аурудың ауырлығы арасында себептік байланыстың болуын болжайды. COVID-19 және COVID-19 инфекцияларының ұзақ мерзімді салдары (бейресми түрде «ұзақ COVID» деп аталады). Жоғарыда айтылғандай, антибиотикалық терапия, ауруханаға жатқызу және инфекциялар микробиоманы өзгертеді, бірақ микробиоманың құрамы COVID-19 ауырлығын немесе «ұзақ COVID» қаупін анықтайды деп болжау мүлдем орынсыз. Бұл зерттеу осы тұжырымды растайтын деректерді ұсынбайды».

expert reaction to observational study on gut bacteria and body’s response to COVID-19

Басқа жаңалықтар

Back to top button