Fake News

Фейк: «Әлемде дені сау адам қалған жоқ»

Әлеуметтік желілерде әлемде дені сау адамның қалмағаны туралы хабарламалар таратылуда. Өйткені, әлі COVID-19-бен ауырмағандардың бәрі жаңа «симптомға дейінгі науқастар» санатына жатқызылды. Бұл – жалған.


JAME Network-та жарияланған мақалада АҚШ Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының зерттеуі негізінде осындай қорытынды жасалған. Онда «симптомға дейінгі» деген терминнің жазылғаны рас, бірақ ол covid-19-мен ауырмаған сау адамдарға қолданылмайды.
– Біз симптомға дейінгі (яғни, симптомдар пайда болғанға дейін ауруды жұқтырғандар), симптомсыз және симптомды науқастардың әртүрлі сценарийлердегі берілу пропорцияларын бағалау үшін қарапайым модельді қолдандық, онда симптомға дейінгі жұқтырудың әр түрлі әсерін және симптомсыз тасымалдаушылардан берілу (яғни, симптомдар пайда болмағандарда) пропорциясын бағалау үшін аурудың берілу уақыты өзгеріп отырды», – делінген мақалада.
Демек, ғалымдар тек COVID-19 жұқтырған тәжірибеге қатысушылар туралы ғана айтқан. Олар симптомдардың болуы немесе болмауы негізінде үш топқа бөлінген.
Осылайша, бүкіл халық үш санатқа бөлінді деген пікір – фейк. Сондай-ақ, мақалада планетадағы сау адамдардың саны туралы да ештеңе жазылмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button