Fake News

Фейк: «Вакциналарды медициналық университеттерде зерттемейді»

Telegram-арналарда жоғары оқу орындарында дәрігерлер мен медбикелер вакциналарды, оларды пайдалану ережелерін және қауіпсіздікті зерттемейді деген фейк тарады. Хабарлама авторларының айтуынша, дәрігерлер вакцинациялау мамандары емес және бұл мәселеде оларға сенуге болмайды. Бұл олай емес.


Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында вакциналардың жұмыс істеу принциптерін және олардың тиімділігін зерделеп қана қоймай, қызметкерлер препараттардың клиникалық сынақтарына да тартылады.

– Медициналық жоғары оқу орындарында дәрілік заттар мен вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттеледі. Вакцина, кез келген басқа дәрі сияқты, клиникалық сынақ кезеңдерінен өтеді. Бұл сынақтарды медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері ғана өткізеді. Біздің университетте дәрілік заттардың, оның ішінде біздің отандық өндірушілермен әзірленгендердің клиникалық сынақтары жүзеге асырылады, – деп түсіндірді Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы Анар Тұрмұхамбетова.

 

Демек, дәрігерлер вакцинация мәселесінде құзыретті емес деген пікір шындыққа жанаспайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button