Fake News

Фейк: «ДДСҰ туберкулезді шығарды»

Кейбір қазнет қолданушылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын локдаунның салдарынан адамзат туберкулездің өршуіне тап болуы мүмкін деп айыптады. Бұл теорияны жақтаушылардың айтуынша, оқшаулау мен маска тағу режимін сақтау қажетті болғандықтан, миллиондаған адам індетті жұқтырады. Неліктен олай емес екенін айтып берейік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осы жылдың 11 наурызында COVID-19 пандемиясын жариялады және елдерге инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажетті бірқатар ұсыныстар жасады. Локдаун, оның форматы мен қатаңдығы туралы шешімді әр елдің үкіметі қабылдады. Алайда, адамдарға үйден шығуға тыйым салынған жалпы карантин бүкіл елдерде болған жоқ. Мұндай шаралар енгізілген мемлекеттерде ол ұзаққа созылған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстандағы ең қатаң шектеулер кезінде жұмысқа бару мүмкін болды, егер қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға, үй жануарларын серуендетуге және т.б. рұқсат етілді.
Сонымен қатар, қастандық теориясын жақтаушылар оқшаулану салдарынан орын алған «толып кету, тарылу және ылғалдылық» туралы айтады. Біріншіден, қатаң карантин кезеңінде ел тұрғындары қаншалықты тығыз болғандығы туралы қорытынды жасау үшін отбасының орташа мөлшері мен тұрғын үй алаңын білу қажет. Локдаун кезінде бәрінің іші пысты деп айту мүмкін емес. Екіншіден, бұл ылғалдылыққа да қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанда қатаң локдаун жылыту маусымының аяқталуына және көктемнің келуімен күннің күрт жылынуымен қатар келді.
Сонымен қатар, белсенділердің пайымдауынша, глюкокортикоидтар – ДДСҰ ауыр және өте ауыр жағдайдағы КВИ науқастарды емдеу үшін ұсынған дәрі-дәрмектер туберкулезбен ауыру мүмкіндігін арттырады. Шын мәнінде, глюкокортикоидтар туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданылады.
ДДСҰ «кінәларының» бірі – «Маска астынан айлар бойы микробтар жинау». Шын мәнінде, ДДСҰ және басқа да медицина қызметкерлері масканы мүмкіндігінше жиі ауыстыруды және ластанудың іздері болған жағдайда, оны пайдаланбауға кеңес береді.
Хабарлама авторы басқа да дәлелдер келтіреді, олардың басым бөлігі ойдан шығарылған және манипуляция болып табылады.
Алайда, қастандық теориясын жақтаушылар айқын нәрселерді ескермейді: туберкулез – жақсы зерттелген, оны бүкіл әлем емдей алады, бұл үшін дәрі-дәрмектер мен хаттамалар бар, оған қарсы тиімді вакцина әзірленді.
Бұл ауру адамдарға қауіп төндіретініне қарамастан, ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде туберкулезбен ауыру жылына шамамен 2%-ға төмендейді, ал 2015-2019 жылдар аралығында жиынтық төмендеу 9% құрады.
Бағалау бойынша, 2000-2019 жылдар аралығында туберкулезді диагностикалау мен емдеудің арқасында 60 миллион адамның өмірі құтқарылды деген болжам бар.
Алдағы 10 жылда туберкулез аурушаңдығының санын азайту ДДСҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, бұл туралы ұйымның ресми сайтында айтылған.
Демек, ДДСҰ-ға қарсы дәлелдердің ешқайсысы факті емес, бұл автордың ойдан шығарғаны. Болашақта қандай да бір аурудың өршу ықтималдығы туралы болжамдарды тиісті есептеулерсіз және зерттеулерсіз негізді деп табуға болмайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button