Instagram-да AirAstana әуекомпаниясының акцияларын 75 мың теңгеге сатып алып, бірінші айда 1 млн теңге табыс табуды ұсынатын жарнама шықты. ҚР Қаржы министрлігі инвестициялардың қайтарымдылығына кепілдік береді екен. Бұл фейк.
Хабарламада AirAstana компаниясы ҚР Үкіметімен бірлесіп 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Ұлыбританияда ресми түрде IPO өткізді делінген. Енді еліміздің әрбір тұрғыны ірі әуе тасымалдаушысының акцияларынан пайда көре алады. 100 орыннан 10-ақ бос орын қалған екен. Оларды сатып алу үшін белгіленген нысанда тіркелуіңіз керек. Бірақ толтырылатын өтінім басқа сайтта орналастырылған.
2024 жылғы 19 ақпанда AirAstana компаниялар тобы алғаш рет акцияларды жария орналастырды. IPO бір уақытта үш қор биржасында өткізілді: Қазақстан қор биржасы (KASE), Лондон қор биржасы және Astana International Exchange (AIX). Өтінімдер саны ұсыныстан артық болды. Ұсыныстардың 58%-ы қазақстандық, 42%-ы халықаралық нарықта орналастырылды. IPO сол күні аяқталды. Қосымша 100 орын резервке қойылған жоқ.
AirAstana компаниясының ресми сайтында акцияларды сату туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында да ештеңе жазылмаған.
Үшінші тарап ресурстарында орналастырылған жарнама – алаяқтардың ісі. Жеке мәліметтеріңізді беріп, алданып, ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін.
Бұған дейін біз алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан әрекет еткені туралы жазған болатынбыз.