Пікірлер

Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында әскери технкианың қозғалысы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Орал-Ақсай тас жолымен келе жатқан әскери техника туралы хабарлама тарады. Қорғаныс минситрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, әскери техниканың Қазақстанға қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған», – делінген ведомство хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button