Fake News

Фейк: «Еуропада артық өлім көрсеткіші 35%-ға өсті»

Желі қолданушылары Еуропаның статистикалық мәліметтеріне алаңдауда. Оған сәйкес, соңғы аптада артық өлім көрсеткіші 35%-ға өскен екен. Таратылған хабарламада бұған COVID-19-ға қарсы вакцинация себеп болды делінген. Бұл жалған.

Артық өлімнің күрт артуы туралы хабарламаға кестенің скриншоты тіркелген. Онда статистиканың өсуі көрсетілген және суретте көрсетілген қисық артық өлімнің бір аптада күтілгеннен 35% жоғары болды деп жазылған.
Бұл кесте әртүрлі салалардағы өзекті статистика жарияланатын Euromomo порталынан алынған. Алайда, қисықта артық өлімнің емес, апталар бойынша барлық жастағы адамдардың өлімінің жиынтық саны көрсетілген. Бұл әртүрлі ұғымдар. Артық өлім – бұл күтілгенге қарағанда популяциядағы өлім-жітімнің уақытша өсуі. Өлім-жітімнің жиынтық саны – болжанған және күтпеген әртүрлі себептермен болатын өлім-жітімнің жалпы саны.
Ұсынылған кестеде 2023 жылдың үшінші аптасындағы, яғни 16-22 қаңтар аралығындағы деректер көрсетілген. Оған сәйкес, аталған күндері 72 364 өлім тіркелген. Бұл ретте өлім-жітімнің базалық деңгейі 76 445-ге тең. Яғни, нақты өлім-жітім болжанғаннан да төмен болды.
Өлім-жітімнің жиынтық санының өсуі байқалады. Ол 2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында, Рождество және жаңа жылдық мерекелер кезінде тіркелген. Статистикалық тұрғыдан алғанда, бұл уақытта әдеттегіден көп өлім тіркеледі. COVID-19-ға қарсы вакцинацияның оған қатысы жоқ.
Артық өлім кестесі осы парақшада да жарияланған. Ол бойынша 2023 жылдың үшінші аптасында бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен және 2022 жылға қарағанда салыстырмалы түрде төмен болған.


Демек, Еуропада артық өлім көрсеткіші 35%-ға өсті деген ақпарат жалған және манипуляция. Таралған кестеде өлімнің жиынтық саны көрсетілген және ол белгіленген уақыт кезеңі үшін рекордтық немесе тым үлкен көрсеткіш емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button