Фейк: «Жер асты теңіздері планетаны толығымен басуы мүмкін»
Желіде ғаламшарды топансу басуы мүмкін деген теория таралуда. Жер астында 1,5 шақырым тереңдікте қайнаған мұхиттар табылған, олардың суы Жер бетіне көтерілуі ықтимал. Бұл мүмкін емес. Неге екенін түсіндірейік.
Жер астындағы судың үлкен массасы табылғаны туралы ақпарат Science ғылыми журналында 2014 жылдың маусым айында жарияланды. Алайда, 1,5 шақырым тереңдікте қайнаған масса туралы айтылған жоқ. Біріншіден, бұл су Жер мантиясында, яғни 700-ден 1400 шақырымға дейінгі тереңдікте орналасқан. Екіншіден, жер асты теңіздері жер бетіндегі теңіздерге ұқсамайды. Жер астындағы ылғал ерекше минерал – рингвудитке жатады. Бұл жоғары температурада ғана және Жер мантиясының қысымымен пайда болатын ашық көк түсті жыныс. Ол метеориттерде де болады.
Рингвудиттің үлкен жерасты жартастарындағы су кені сейсмикалық толқындарды зерттейтін екі жүз сейсмографтың көмегімен анықталды. Ғалымдар бұл толқындардың жылдамдығын әртүрлі тереңдікте өлшей отырып, олардың кейбір жерлерде баяулайтынын байқады. Толқындардың ылғалды тау жыныстарынан өтуіне көп уақыт қажет болатындықтан, ғалымдар олар баяулайтын жерде суы бар рингвудит орналасқан деген қорытындыға келді.
Яғни, жер асты теңіздері жай көтеріле алмайды, өйткені Жер мантиясындағы су тасымайды, ол сирек кездесетін минералдардың бірінде болады. Демек, таралған теория ғылымға қарсы және оған сенудің қажеті жоқ.