Fake News

Манипуляция: «Пальма майы – бұл адамға арналған үшін у»

Қазақстандықтар пальма майының зияны туралы ақпарат таратуда, тіпті бұл адамдарды әдейі улауға арналған у деп жазды. Бұл пікірді талдап, түсіндіріп өтейік.


Алдымен пальма майы улы емес және у еместігін нақтылап алайық.
Пальма майы – бұл май пальмасынан алынған өсімдік майы. Бұл пальмалар негізінен тропикалық ендіктерде өседі. Пальма майын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылар –Малайзия мен Индонезия. Бұл елдерде адамдар пальма майын ежелден қолданып келеді. Май пальма ағашы 50 малайзиялық ринггиттің банкнотасында да бейнеленген.
Қазіргі кезде пальма майы тамақ өнімдері, косметика және биоотын өндірісінде қолданылады. Алайда, оның айналасындағы дау басылар емес.
Пальма майының беделі неге төмен екенін айтайық.
Біріншіден, пальма майын өндіру және шығару тропикалық ормандарды жаппай шаумен байланысты. Бұл жаһандық жылынудың артуына, ауаның ластануына және осы тропикалық ормандар табиғи ареалы болған жануарлардың жойылуына әкеледі. 
Екіншіден, бұрын пальма майын қолданудан жүрек-тамыр аурулары мен инфаркт қаупі артады деп есептелген. Алайда, қазір ғалымдар мұндай тұжырымдар үшін мәліметтер жеткіліксіз дейді. 
Бүгінгі таңда пальма майының құрамында денсаулыққа қауіпті транс майлары жоқ және А дәруменіне бай екендігі дәлелденді. Оны тіпті бұл витаминнің жетіспеушілігін болдырмау үшін адамдарға, оның ішінде жүкті және бала емізетін адамдарға тұтыну ұсынылады. 
Пальма майын тиіс мөлшерде пайдалану денсаулыққа қандай да бір қауіп төндірмейді және өз-өзіңді улау әрекеті емес. 
Сонымен қатар тотыққан пальма майын шамадан тыс тұтыну ағзаға теріс әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейтін зерттеулер бар. Алайда, бұл тәжірибелердің жануарларда жүргізілгенін және оларды тек тотыққан пальма майымен ғана қоректендіргенін ескерген жөн. Пальма майын тотықтыру үшін оны бірнеше рет ұзақ және мұқият термиялық өңдеуден өткізу керек. Әдетте тамақ пісірген кезде олай жасалмайды.
2002 жылы жүргізілген тағы бір зерттеу майлы пальма жемістерінің жұмсағынан алынған пальма майын тұтыну, керісінше, бета-каротиннің көп болуына байланысты бірнеше қатерлі ісік ауруының алдын алатындығын дәлелдейді.
Қазіргі кезде пальма майы ең қол жетімді және өндіруде тиімді өсімдік майы болып саналады. Оны шығару және өндіру оңай, құрылымы тұрақты және әртүрлі мақсаттарда қолдануға жарамды. Мысалы, ол маргарин мен ерін далабының құрамында болады.
Бүгінде ғалымдар пальма майын өндіру кезінде тропикалық ормандардың шабылуына жол бермеу бағытында жұмыс істеуде. Ол үшін майлы пальмалардың ерекше, ергежейлі түрлері отырғызылады, олардан өнімді ағашты кеспей алуға болады және кішкене аймаққа көп ағаш егіледі. Сондай-ақ, өнімділікті арттыру үшін арнайы тыңайтқыштар қолданылады. 
Қорыта айтқанда, пальма майы, айналасындағы қарама-қайшылықтарға қарамастан, у емес және оны тиісті мөлшерде қолдану өлімге және аса қауіпті аурулардың дамуына әкелмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button