Fake News

Фейк: «Сот Билл Гейтс пен Джордж Соросты COVID-19 пандемиясын жасағаны үшін айыпты деп таныды»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Перу соты Гейтс, Сорос, Рокфеллерді «және басқа да масондарды» COVID-19 пандемиясын қасақана жасады деп ресми түрде айыптады деген ақпарат таратуда. Бұл жалған.


Желінің испан тілді сегментінде Билл Гейтс, Джордж Сорос және планетамыздың басқа да бай адамдарына қатысты «трибунал» туралы 2021 жылдың басында жазылған.
Алайда, бұл жаңалықтың фейк екендігі бірден белгілі болды.
Миллиардерлерге қатысты іс қозғалғанын растайтын сот құжаты ретінде COVID-19 пандемиясына қатысы жоқ іс бойынша Чинч пен Писконың қылмыстық істері бойынша апелляциялық соттың жекелеген мүшелері жеке пікірін білдірген құжат ұсынылған. Түпнұсқа құжатта судьялар пандемия әсерінен сот жұмысында қандай кідірістер болғанын түсіндірген.
Кейіннен орталықтандырылмаған сот бақылау басқармасының басшысы – ODECMA Ica осы судьяларға қатысты қызметтік тергеп-тексеруді бастады, оның мақсаты олардың жұмысындағы ықтимал бұзушылықтарды анықтау және жою болды.
Демек, таратылған құжат соттың ресми шешімі немесе Билл Гейтске немесе басқа бір адамға қатысты іс қозғалғандығының дәлелі емес. Оның COVID-19 пандемиясына да қатысы жоқ.
Аурудың қолдан жасалды және бұл үшін әлемдік элитаның кейбір өкілдері жауапты деген теория – конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ. Індет қоздырғышы, SARS-CoV-2 вирусы табиғи түрде пайда болғанын көрсететін ғылыми дәлелденген деректер бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button