Fake News

Фейк: «Қазақстан ЕАЭО-дан шығу туралы бастама көтерді»

Telegram-да Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы баста еткендігі жайлы ақпарат таратылуда. Бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болған екен. Бұл өтірік.


ҚР сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстанның жоспары» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөздеріне сүйенеді. Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.
Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button