Манипуляция: «Дүкендерде қолма-қол ақшасыз төлем жасаған ПТР-тест нәтижесі оң адамдарға айыппұл салынады»
WhatsApp-та COVID-19-ға ПТР-талдаудың оң нәтижесі бар адамдарға дүкендерде картамен немесе QR-кодпен тауарларға төлегені үшін айыппұл салынады деген хабарлама таратылуда. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев түсіндіріп өткендей, карта немесе QR-код арқылы төлегені үшін айыппұл есептеу мүмкін емес.
– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылатынын ресми түрде хабарлаймын. ПТР нәтижесі оң болғанда адамның мәртебесі базада қызыл болады. Тиісінше, өзін-өзі оқшаулау режимі бұзылған жағдайда оған 91 890 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Алайда, оның қызыл мәртебесі нысанға кірген кезде «Ashyq» қосымшасы арқылы сканерлеген кезде анықталады, ал банк карточкасымен немесе QR-кодпен есеп айырысу кезінде емес, – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.