Fake News

Фейк: «Алматыда түнде у шашады»

Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында қараңғы уақытта жол бойында өсіп тұрған ағаштарды суарып келе жатқан трактордың видеосын жариялаған. Кадр сыртындағы дауыс адамдарды осылай «улайды», адамдардың ауыратыны да сондықтан деп айтады. Бұл жалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ★★★𝐍𝐀𝐈𝐌𝐀𝐍★★★ (@kuat__khamitov)


Алматының жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша «Дезинфекция» мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс тиімді болуы түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады», – деп жазды департамент өкілдері спортшының парақшасындағы постқа қатысты жазған пікірінде.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де түсініктеме берді. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізіледі және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын хабарлады.

– Биологиялық өнімдер – тірі организмдер немесе тірі организмдер синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте ауқымды. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жеміс пен жапырақ ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым – ішкі ағзаларды зақымдайды, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеп соқтырады, – делінген Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің түсініктемесінде.

Аралас жекпе-жектің жауынгері Қуат Хамитов бұған дейін жалған ақпарат таратқан болатын. Өзінің Instagram парақшасында ол COVID-диссиденттерді белсенді түрде қолдап, аурудың бар екенін жоққа шығарды. 
Бұған дейін елорда тұрғындары «у шашу» туралы хабарлаған болатын. Шын мәнінде, видеода қаладағы масаларды улау процесі түсірілген.

Фейк: «Елорда тұрғындарын түнде қауіпті химикаттармен улайды»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button