Фейк: «Маскалар мен вакциналар әсер етепйді, ал COVID-19 пандемиясы туралы өтірік айтты»
Желіде The Washington Times газетінің ағылшын тіліндегі басылымы «Вакциналар әсер етепйді, маскалар әсер етепйді: үкіметтің бізге COVID-19 туралы айтқанының бәрі жалған» деген тақырыппен жарияланғаны айтылды. Мұндай мақалан бар ма? Ол нені білдіреді? Анықтайық түсінеміз.
The Washington Times – ағылшын тіліндегі жаңалықтар порталы. Тәуелсіз Media Bias-Fact Check жобасы оны сену көрсеткіші төмен ақпарат көзі ретінде бағалайды. Себебі -жарияланған материалдарға жүргізілген тексерулер, фейктер мен қастандық теорияларын тарату.
Сайтта осылай аталған ақпарат жарияланған. Ол «Пікірлер» бөлімінде орналастырылған және авторы – Джозеф Керл. Джозеф Керл – Twitter-де парақшасын белсенді жүргізетін журналист. Оның жарияланымдарына қарап, вакцинацияға қарсы және конспирологияны жақтайтынын түсінеміз. Мысалы, оны белгілі конспиролог Алекс Джонстың сөздерін келтірген жазбаларынан байқауға болады.
Демек, Джозеф Керлдің пікіріне күмәнмен қарау керек.
Сонымен қатар, бүгінгі күні маскалар мен COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі туралы дәлелдер көп.
2021 жылы жүргізілген ауқымды зерттеу қарапайым хирургиялық масканы қолдану инфекцияның таралу қарқынын төмендететінін дәлелдеді.
COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі клиникалық зерттеулермен, сондай-ақ препарат нарыққа шыққаннан кейін жүргізілген зерттеулермен расталады. Соңғы нәтижелердің бірі 2023 жылдың наурызында жарияланды. Автордың тұжырымдарына сәйкес, вакциналар аурудың ауыр ағымының алдын алады, бірақ олардың тиімділігі уақыт өте келе төмендейді. Сондықтан ревакцинациядан уақытылы өту қажет.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) да COVID-19 қарсы вакциналардың сапасы мен тиімділігін үнемі қадағалап отырады. Бұл ақпарат ведомство сайтында соңғы рет 2023 жылғы 26 қаңтарда жаңартылған. Материалдарда вакциналардың тиімсіздігін көрсететін мәлімет жоқ.
Демек, таралған хабарлама жалған және манипуляция. Вакциналар да, маскалар да тиімсіз болғаны туралы тақырыбы бар мақала бар, бірақ оған сенудің қажеті жоқ. Біріншіден, ол сенімсіз ресурста жарияланған. Екіншіден, оның авторы вакцинацияға қарсы тұлға және конспирологияны жақтайды. Үшіншіден, таралған тақырыпты тікелей жоққа шығаратын ғылыми дәлелдер бар.