Фейк аккаунттар

Алаяқтар сауалнамадан өткен үшін Halyk Bank атынан ақша ұсынады

Қазнетте сауалнамадан өтуге және Halyk Bank атынан ақшалай сыйақы алуға шақыру таратылуда. Бұл – алаяқтық.

Фейковый аккаунт банка

Пайдаланушыларға бірнеше қарапайым сұрақтарға жауап беру ұсынылады, содан кейін олар аты-жөнін және телефон нөмірін тері тиіс.
Halyk Bank-тің бұл сауалнамаға еш қатысы жоқ. Біріншіден, сауалнама банктің ресми сайтында емес, үшінші тарап ресурсында орналастырылған. Екіншіден, Halyk Bank-тің ресми порталында алаяқтар туралы ескерту жарияланған, онда адамдарға өзінің дербес деректерін белгісіз тұлғаларға айтпау және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу керек деп нақты жазылған. 
Мұндай ескертулер банктің әлеуметтік желілерінде де бар.
Сауалнамадан өткені үшін ақша ұсыну – интернеттегі алаяқтар қолданатын ең көп таралған схемалардың бірі. Сауалнамалар фишингтік сайттарда жарияланады. Яғни, оларға кіру қорғалмаған және тіркеу жолдарына енгізілген барлық деректерді алаяқтар көріп отырады. Осылайша олар пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізе алады: логиндер мен парольдер, карта нөмірі, CVC кодтары және т.б. Мұндай сайттарды қалай тануға болатындығы және алаяқтардың құрығына түспеу жолдары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз. 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button