Жаңалықтар

Манипуляция: «Sars-CoV-2 вирусының бар екендігінің дәлелдері үшін миллион доллар»

Қазақстандықтар миллион доллар табу ұсынысымен бөлісуде. Ол үшін SARS-CoV-2 вирусының бар екендігін дәлелдеу қажет. Бұл – манипуляция.

Конспирология әуесқойлары SARS-CoV-2 вирусының және COVID-19 ауруының бар екендігінің «сөзсіз дәлелдері» үшін бұған дейін де сыйақы тағайындауға тырысқан.
Мысалы, өткен жылы ақпан айында австралиялық Джейми Макинтайр COVID-19 алаяқтық және әлемдік қастандық екенін дәлелдеген адамға 10 миллион доллар беруге уәде еткен. Алайда, бұл мәлімдемеден кейін ол ұтыс ойыны туралы айтқан емес.
Шын мәнінде, вирустың бар екенін дәлелдегені үшін біреуге қомақты қаражат беруге уәде ету мағынасыз. Вирустың шын екендігін дәлелдейтін барлық ғылыми фактілер бір жылдан астам уақыттан бері баршаға қолжетімді. Желіде вирустың толық ашылған геномын және оның микроскоппен түсірілген фотосуретін таба аласыз.

Sars-CoV-2 вирусы оқшауланбаған деген жалған теорияның негізін қалаушы доктор Эндрю Кауфман болып саналады, ғылыми қауымдастық оның жорамалдарын мойындамайды және жалған ғылымға жатады деп таныған. Сонымен қатар, қазіргі кезде Эндрю Кауфман туған жері Нью-Йоркте медициналық тәжірибемен айналысу құқығынан айырылды, себебі оның лицензиясының мерзімі өтіп кетті және қайта ұзартылған жоқ.

Айта кетейік, белгілі фактілерді дәлелдегені үшін қомақты сыйақы тағайындау идеясы бұған дейін де болған. Мысалы, 2018 жылы жазық Жер теориясының жақтаушысы планетамыздың шар тәрізді екенін дәлелдеген адамға 10 мың доллар сыйақы беремін деп мәлімдеген. Бұл ретте ол өзі мүмкін емес деп санаған маршрутты ұшақпен ұшып өтуді ұсынған. Австралиялық ұшқыш барлық нұсқаулар бойынша ұшып өтіп, жазық Жер теориясын жоққа шығарды. Бірақ уәде етілген марапатты ала алмады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button