Fake News

Фейк: «Металл детекторлар адамдар үшін қауіпсіз емес»

Telegram-да пайдаланушылар металл детекторларының немесе металл іздегіш рамалардың адам денсаулығына қауіптілігін талқылауда. Электромагниттік өрістің сәулеленуінің теріс әсерлері ұзақ уақыт бойы ағзада жиналады екен. Бұл жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп, қан қатерлі ісігін, ми ісіктерін және гормоналды аурулар тудыруы мүмкін. Бұл өтірік. 

Металл іздегіш рамалар қауіпсіздікті арттыру – тыйым салынған металл заттарды, мысалы, қаруды табу үшін қолданылады. Олар әуежай, вокзал сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылады. Қазіргі кезде металл іздегіш рамалар мектептерде де қойылып жатыр.

Шын мәнінде, металл детекторлар қауіпті сәуле шығармайды. Металл іздегіш рамалар қабылдау-беру принципі бойынша жұмыс істейді. Яғни, металл іздегіштің қабырғаларына салынған катушкалар электр импульстарын шығарады, осыған байланысты әр жағынан кезекпен алдыңғының полярлығын шағылыстыратын магнит өрісі қалыптасады. Осындай бір импульстің ұзақтығы көп емес және бірнеше ондаған микросекундқа тең.

Бірақ металл іздегіш рамалары арасындағы кеңістікке металл зат түссе – импульстің ұзақтығы артады. Бұл импульс заттың өзінде магнит өрісін тудыратындықтан болады. Импульстің ұзақтығын металл детекторға салынған схема талдайды, ал оның ұзақтығы бұзылған жағдайда әрекет етеді.

Көптеген зерттеулерге негізделген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, жоғарыда айтылғандардан басқа, электромагниттік өрістің белгілі бір деңгейге дейін сәулеленуі тірі организмдердің өміріне және адам денсаулығына зиянсыз болып саналады.

«Тәжірибелер көрсеткендей, қоршаған ортада немесе біздің үйде болатын деңгейлердің өрістеріне қысқа мерзімді әсері айтарлықтай зиян келтірмейді. Денсаулыққа зиян келтіретін жоғары деңгейдегі ЭМӨ әсеріне қатысты ұлттық және халықаралық нұсқаулықтарда қатаң шектеулер бар», – делінген ДДҰ сайтында.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button