Fake News

Президент атын жамылған алаяқтар көбейді

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген ұтыс ойындары өткізілетіні белгілі. Заңды тіркелгені бар, заңсыз, алаяқтықпен талайды тақырға отырғызып кеткендері де көптеп саналады. Солардың бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан фейсбук желісінде парақша ашып, жұртты өз қармағына түсірмек. Атыңыздың бас әрпін жазасыз да оны өзгелермен бөліссеңіз, қомақты сыйақыға кенелесіз деген сыңайдағы сөзімен сенгіш жұрттың қалтасын қаға бастағаны анықталды. Жымысқы әрекетіне жуырда ғана кіріскен фейк аккаунт иесінің сөзіне иланған мыңдаған қарапайым адам пост астына пікір қалдырып, жүздеген репост жасалған. Атылмаш парақша иесі 2017 жылы тіркеліп, биыл оны теріс әрекетін жүзеге асыру мақсатында өзгерткен. Айта кетейік, Президент тек Twitter және Instagram парақшаларында ғана тіркелген. Ал, фейсбуктегі мұндай мазмұндағы жазбаларға сенбеуге шақырды министрлік қызметкерлері. Естеріңізде болсын, аталмыш алаяқтық тәсілі өте қарарайым: сізге ұтысқа ие болдыңыз деген смс келіп, банк карточкасының номерін жіберуіңізді өтінеді. Оны алған соң, бар ақшаңызды қағып алады. Сақтансаң, сақтайды деген. Алаяқтарға алданбаңыз!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button